Адамға түрлендіру жұмысы не үшін керек?
Мен трансформациялау барлығына керек демеймін, ол өз өмірлеріне риза емес адамдар үшін қажет деп ойлаймын.Бақытты өмір сүру үшін кедергі келтіретін күнделікті қайталанып отыратын жағдайларға қанағаттанбайды. Кеңес алу үшін маған әртүрлі жағдаймен және мәселелермен құтылу үшін , өмірлерінде бір нәрсені өзгерту үшін қалай және неден бастау керек деген сұрақтармен келеді. Өмірлеріне қанағаттанбайтын, бақытсыз адамдар. Өз өмірлеріне қанағаттанбаушылық негізінен ұқсас қиыншылықтарға байланысты: еркек немесе әйел күндес пайда болған кезде жиі тастайды...Болмаса серіктестер бірге қалады, бірақ олардың қарым-қатынасында түсініспеушілік, кек, жан ауруы пайда болады...Мансап саласында көптеген жас адамдарда мамандық таңдауда кездесетін қиыншылықтар немесе ұжыммен тіл табыса алмаушылықтан жұмыстан кету, болмаса жұмыстан шығару... Ата – анамен, жақын туыстармен, сүйгенімен түсініспеушілік, жанжал. Осындай жағдайлар өте көп және таусылмайтын мысал келтіруге болады. Осындай бір-біріне ұқсас оқиғалар бітпейтін ісімен, осы жағдайлардан шығатын жарығы жоқ тұйықталған шеңбер сияқты.Денсаулыққа байланысты жағдайда осындай. Белгілі болғандай, біз ауыра бастаймыз, ауыру үдей түседі, созылмалы формасына ауысады, дәрігердің белгілі бір көмегіне жүгінеміз, біраз уақыттан соң ауыру қайта пайда болып, асқынады, ары қарай жаңадан ауыру пайда болады... Адамдардың бәрінде кездесетін осындай көптеген жағымсыз мысалдарды келтіруге болады. Осындай жағдайлардан шығудың жолын кейбіреулері тапса, өзгерту көпшілігінің қолынан келе бермейді.
Клиенттерден сұрау жұмысын жүргізу барысынды мен барлығына бірдей түрлендіру жұмысын ұсынған жоқпын. Бірақ тәжірибе жинай келе, мен оның адамдардың бәріне керек екенін түсіндім. Егер осыдан бастасақ, ары қарай жұмыс тезірек және тиімдірек болады. Өйткені тек осы түрлендіру жұмысы қандай бағдарлама, қандай нұсқама немесе тәрбие алгоритмыадамды басқаратынын түсінуге мүмкіншілік береді.
Түрлендіру жұмысының бірден- бір кезеңі, бағдарламаны көре және сезіне отырып,оны алдыңғы фонға шығару, әр қырынан көру, қалай жұмыс жасайтынын түсіну, оған түр беру.Өз өмірін осы бағдарлама басқарып, өмірдің стилі сияқты әсер еткенде, адамға өзгерту берілгенде немесе өзіңе пайда етіп қабылдағанда түсінеді.
Біздің өмірімізді басқарып отыратын бағдарламалар, нұскаулар бала кезден туылғаннан 5 жасқа дейін қаланады, психолог болып жұмыс істеген уақытта бағдарламалар кемелденген жаста иеленген, бірақ олар бәрібір қалыптасқан бағдарламаға тіркесетінің тексердім. Адам әр уақытта таңдау жасайды, осы таңдау бар нұсқаудың пайдасына шешіледі.Әкелердің іссапарға кетунемесе ажырасу салдарынан үйде болмауы бала мен қыздарда осындай нұсқама қалыптасуы мүмкін... Егерқыз бала ер адамдарды үнемі қатал,ашулы, бірақ өте қажет және сүйікті деп тұжырымдаса, кемелденген жаста махаббат пен ынтызарлық таңдау осындай объектіге түседі. Өйткені текқарым-қатынастың осындай нұсқамасымен ғана таныс болғандықтан, бұдан басқа тәжірибесі болмағандықтан, қанша жерден ауырлық әкелседе, бұл оған таныс әрі ұнамды.. Осындай жағдайды өзгерту үшін , шын мәнінде болып жатқан жағдайды қабылдап , түсіну қажет. Ары қарай біле тұра бұзылған қанағаттануды ала ма,онымен қалу, қалмауы туралы таңдауды әзі жасайды, сондықтан өз әмірінде ешқандай күйзелту алып келмейтін басқа қарым-қатынасты қабылдау,қабылдамау керек екенін өзі шешеді....
Болмаса тағы бір мысал: 2 жарым жасар бала пневмониямен ауырып қалғанда, анасы дәрі еккенде де,жағымсыз дәрілерге де қарамай баласының жанынан бір елі кеткен жоқ,бала ата-анасының махаббатын, олардың баласы үшін қайғыруы, өзінің ата- анасы үшін маңызды екенін сезінді... Осы кезде «мен ауырған кезде, мені жақсы көреді және мен оларға маңыздымын»деген нұсқама қалыптасады. Үлкейген кезінде. егер оған жылулық пен махаббат жетіспей жатқан кезде қамқорлықты қайта сезіну үшін, ауырып қала беретін болады.
Кейбір отбасыларда бала кішкентай кезінен жетіспеушілік, ерлі-зайыптылардың бір-біріне ақшаның жоқтығын . қаражаттың қиын табылатынын, болмаса анасы әкесінің аз ақша табатыны жөніндеайта беруі... Балада қандай нұсқама қалыптасуы мүмкін? Мысалы, «Ақшаны табу қиын», үлкейе келе қыз бала ақша көп табу үшін ауыр жұмысты таңдайды,бірақ бұл ешқандай бақыт әкелмейді, өйткені «Ауыр, қиын өмірге» бағдарламаланып қойған.Осындай отбасында өскен қыз бала есейе келе қаражаты көп еркектііздеуі мүмкін, бұл жаманда емес шығар, егер ол басқа да маңызды қасиеттер, атап айтатын болсақ, мейірімділік, ақылдылық, парасаттылық,қамқорлық, адалдық деген сияқты қасиеттерге де қарайтын болса... Бірақ бұл қасиеттердің барлығы «Ақша» деген қажеттіге орын беріп, көлеңкеде қалып қалуы мүмкін.... Ал енді жас әйелді осындай бағдарламамен не күтіп тұрғанын елестете де алмаймыз...
Кез келген тамырланған бағдарламада әрқашан үлкен өтемі бар.Қорқынышты көрінген жағдайдада. Басты мақсат осы екінші реттік тиімділікті тауып, өзің кінәраттамай,соны ұғыну, қабылдау.Кінәлі сезімі немесе ұят босауға кедергі жасайды. Біздің мақсатымыз, тиімді бағдарламаны ұғына отырып, оны ешқандай кінә мен ұят сезімісіз қабылдау!
Кез келген бағдарламаны өзгерту арқылы, неге жететінімізді елестетіп көріңізші...Өз шындығыңызды қалай басқару керек екенін өзіңіз шешесіз! Өз өміріңізді жасаушысыз! Егер адам өз тағдырын басқармайды, тек құдай ғана әрбір пенденің тағдырыншешеді деген діни догманы, болмаса одан жоғарғы күш алатын болсақ... Негізінде діни бағдарламалар мен нұсқамдар біздің өмірімізге қатты әсер етеді. Қалай ойлайсыздар, осы жоғарғы күш сіздің ауыр жұмыс жасап, ауырып, материалдық игіліктен қиналып, бақытсыз болғаныңызды қалайды ма?Жоқ деп ойлаймын! Естеріңізде болсын, бізде әрқашан таңдау бар! Бұл бізге берген сый. Біз әрқашан , секунд сайын қалыптасқан нұсқама бойынша таңдау жасаймыз... Егер бақыт әкелмесе , неге өміріңізге бақыт пен баршылық әкелетін тиімдірек нұсқамағаауыстырмасқа!?