Біз туралы

Компания туралы

«Зүбаржат қала» консалтингтік компаниясы 2009 жылы құрылды және «Ниеттен мақсатқа», «Бақытты өмірдің ұраны» шынайылық трансерфингі бойынша кітаптарға негізделген психологиялық, трансформациялық тренингтер өткен тренингтік орталық нысанында қызмет етті. Кейін институт базасында Психология және психотерапия институтымен бірге «Психологиялық кеңес берудің шеберлігі» атты оқу бағдарламасы құрылды, бұл бағдарлама медициналық психология мамандарын психологиялық кеңес беру саласында қолданылатын заманауи дағдылар мен құралдарға үйретуді мақсат тұтқан. «Тайм менеджмент», «Медицина қызметкерлерінің коммуникациялық дағдылары және мінез-құлық этикасы», «Медициналық қызметтерді сату», «Мақсатты тұжырымдау» және т.б. медицина қызметкерлері мен ұйымдарға арналған бағдарламалар жетілдірілді және енгізілді.

Қазіргі уақытта біздің компания ТоР-Фасилитация, Рin Point, Динамикалық фасилитация, Стратегиялық коучинг сияқты жаңа заманауи техникаларды қолданумен бизнес кеңес беру, коуч бағдарламаларға, әр түрлі оқу бағдарламалары мен тренингтерге бағыт алды. Бәрімізге белгілі қазіргі уақытта әр түрлі бизнес салаларында қызмет ететін өнеркәсіптер мен компаниялардың көбі қатал директивті менеджмент жүйесінен топтық жүйеге көшуде, бұл жүйеде әр түрлі деңгейде қызмет ететін қызметкерлер мен басшылар басқарушылық шешімдерді іздеуде және қабылдауда қатысады. Дегенмен барлық басшылар қызметкерлердің әлеуетін 100% қатыстырып, тиімді ақпаратпен алмасу үшін кеңістік жасауға және адамдарды мәселені талқылауда және шешуде белсенді қатысуға тарта алмайды. ТоР-Фасилитация, Рin Point, Динамикалық фасилитация, Стратегиялық коучинг сияқты заманауи құралдарды қолдану арқылы біз клиенттерімізге компания ішінде бөлімдер арасында келіспеушіліктерді шешуге, қызметкерлерді қойылған мақсаттарға жетуге уәждеуге, орнатылған мерзім ішінде белгілі бір бизнес міндеттерді шешуге тартуға, топтар құруға, қызметкерлердің қарсыластығын жеңуге, ұйымдастырушылық басқару үдерістеріне белсенді түрде қатысуға және қызметкерлердің оқуы мен дамуына одан да көп көңіл бөлуге көмектесеміз. Қазіргі таңда «Зүбаржат қала» консалтингтік компаниясы қуанышпен және кәсіби түрде компанияңызды жаңа даму деңгейіне шығарады!

Біз консалтингтік қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз.Біз Сізге келісті қызметкерлерді ұйымдастырушылық басқару және даму технологиясын қолданып, заманауи және нәтижелі бағдарламаны жазып, құрастырамыз.

Біз жеке ерекшеліктер мен басқару нысандарын есепке ала отырып, әр клиентпен жұмыс жасауда одан да кәсіби, тәжірибелі және икемді болдық.

«Зүбаржат қаламызға» қош келдіңіз! Бірге біз қуаттымыз!